Бұл туралы аймақтың билік көздері хабарлады.
Оқиға 19 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00 шамасында орын алған. Бұл кезде автобус тау жолымен көршілес Хэнань провинциясынан Энши қаласына қарай жол жүріп келе жатқан, делінген жергілікті үкіметтің таратқан баспасөз хабарламасында.
Оқиға кезінде 29 орындық автобустың ішінде 25 адам болған. Бесеуі оқиға орнында көз жұмды, қалғандары жергілікті екі ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік апатының себептері әзірге белгісіз.