Қытайда есірткімен байланысты қылмыс үшін он адам өлім жазасына кесілді

Сотталушылардың есірткі өндірді, саудалады және тасымалдады деп айыпталғаны хабарланып отыр. 

"Үкім жарияланғаннан кейін сотталушылар жазаны орындау орнына жеткізілді", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің он шақты бабында қарастырылған. Оның көпшілігі есірткі қылмысына байланысты баптарда.