Қытайда кеме аударылып, сегіз адам қаза тапты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламаға сәйкес, Қытайдың оңтүстік-батысында Гуйчжоу провинциясы Лючжи арнайы ауданындағы Цзанкэ өзенінде жолаушылар кемесі аударылып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан және тағы жеті адам із-түссіз жоғалған.

Қазіргі кезде 31 адам құтқарылды.


Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Зардап шеккендер және қаза болғандардың отбасымен психолог мамандар жұмыс жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

Апат салдары әзірге белгісіз.