Қытайда кішкентай бала ойыншық көлігімен үлкен жолға шығып кетті (видео)

Бейнежазба CCTV News арнасының YouTube-каналында жарияланған. Бір тәуліктен астам уақыт ішінде ролик 19 мыңнан астам рет көріліпті.

Баланы полиция қызметкері байқап қалған. Ол баланың қасына келіп, оны қауіпсіз жерге қарай алып кетіпті. Кейінірек оны анасына қайтарған.