Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитет 31 провинциядан 74 мың 185 адамның вирусты жұқтырғаны туралы хабар алды. Оның ішінде 57 мың 805 науқастың 11 мың 977-сі ауыр жағдайда жатыр. Тағы 14 мың 376 адам ауруғанадан шығарылып, 2004-і қайтыс болды", - делінген комитет хабарламасында.
Алдынғы тәулікте елде 1749 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 136 адам қайтыс болғаны белгілі болған. 1824 науқас ауруханадан шығарылған.
Бүгінде тағы 5248 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен және аурулармен байланыста болған 135,8 мың адам ауруханада тексерістен өтіп жатыр.
Гонконгтің өзінде 62 адам, Макаода 10 адам, Тайванда 22 адам ауруды жұқтырған.