Қытайда көшкін салдарынан 16 адам қаза тапты

Соңғы деректер бойынша Қытайдың шығысында орналасқан Чжэцзян провинциясындағы  ауылда кемінде 16 адам қаза тауып, 21 адам із-түзсіз кетті, деп хабарлады жергілікті билікке сілтеме жасап  Ассошиэйтед пресс агенттігі.

Бұдан бұрын 9 адамның қаза тауып, 28 адамның хабар-ошарсыз кеткені хабарланған.

Оқиға қалалық Лишуй округінде Лидонг ауылында жұма күні кешке орын алды. Ағын ауылды басып, 27 үй балшыққа көміліп қалды.  Құтқарушылар әзірге аман қалған 1 адамды ғана тапты.