Қытайда көшкін салдарынан із-түссіз жоғалғандардың саны 91 адамға жетті

Оқиға Liuxi өнеркәсіп паркінде орын алған. Лай көшкінінен бірнеше тұрғын үй зақымданған. Жедел қызметтер үйінділерді ашу операциясын жалғастырып жатыр. 
Оқиға орнында 560-тан астам құтқарушы, 100-ден астам өрт сөндіру машинасы жұмыс істеуде. Үйінділердің астында қалған адамдарды іздеуге иттер мен арнайы роботтар пайдаланылып жатыр. Апат ауданында жедел госпиталь ашылды.