Қытайда мас шенеунік рульге ие бола алмай, адамдар толы мейрамханаға кіріп кетті

Бұл туралы Shanghaiist сілтеме жасап «Лента.ру» хабарлады.

Оқиға 24 шілдеде, жергілікті уақыт бойынша сағат 22:40-та орын алды. Мемлекеттік қызметші Ван жолда келе жатып, рульге ие бола алмай, көлігі   мейрамхананың кіреберісіне дейін жеткен. Ғимарат иесі оған жақындаған сәтте, шенеунік  педальді күрт басып қалып, көлік ішінде қонақтар бар мейрамхананың ішіне бір-ақ кірді.

Апат салдарынан 12 адам зардап шекті. Даяшы ауыр жарақат алды - оның аяғын жұлып кетті.


Газеттің деректеріне сүйенсек, шенеунік мас болған.