Қытайда өтетін Азия ойындарына Қызылорда облысынан үш спортшы аттанды

Олардың қатарында Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы ауыр атлет Илья Ильин, тағы бір ауыр атлет Азия чемпионы Алмас Өтешов және әлем чемпионатының күміс жүлдегері боксшы Марина Вольнова бар. Бұлар - жекелеген спорт түрлері бойынша күш сынасатын саңлақтар. Бұлардан басқа, еліміздің гандболдан құрама командасы сапында тағы 6 қызылордалық спортшы өнер көрсетпекші.