Агенттіктің хабарлауынша, атап айтсақ, бір тонна жанармай мен дизельдік отын құны 1000 юаньға - тиісінше 6980 және 6520 юань деңгейіне, авиациялық отын құны 1500 юаньға, яғни 7450 юаньға дейін көтерілді. Бұл мәліметтер ҚХР даму және реформа істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бейсенбіде таратқан хабарламасында айтылған.
ҚХР даму және реформа істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бағаны көтеру туралы шешімді мұнай және мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасының ұдайы өсе түсуімен түсіндіреді.