Қытайда қамауға алынған қазақ қызы кемі 20 жылға сотталуы мүмкін

-Телефонмен сөйлестіріп жатқан жоқ Қытай. Әзірге тек елшімен ғана тілдесудеміз!

Зухра Сейтімова бір айдан бері өзін қоярға жер таппай, көңілі алаң күйде жүрген ана. Әзірге тек қызының Гуанчжоудағы тергеу изоляторында отырғанын естіген. Ақпарға қарағанда, Ақжарқын әуежайда есірткімен ұсталыпты. Кейін бойжеткеннің таныстарының өтінішісімен Малайзияға тауар жеткізуге аттанғанын білген.   

 Зухра Сейтімова, анасы:

-Алена наурыз айында Ақжарқынға «сен барып келші» деп өтініш жасап қоймаған. 4-і күні ұшып кетті Қытайға. 4-інен 9-на дейін хабарласып тұрдым. 9-нан кейін хабар үзіліп, мен қызымды іздей бастадым.

Қамыққан ана дәл осы Аленадан күдіктенеді. Және оның жолдасы Джон дейтін Нигерия азаматынан. Шын аты – Одинду Фортуне-Нонсо. Жігіт көпке өзін легионер футболшы ретінде таныстыратын көрінеді. Бірақ қаладығы түнгі клубтың бірінде бармен болып істеген. Екеуі студент қыздарды Қытайға сөмке тасымалдауға үгіттепті.

Дина Өтешова, Ақжарқынның құрбысы:

-Ақжарқынның алдында Қытайға мен барғам. Сол жақтан біреулер күтіп алып, 6 сөмкені салып жіберді. Кейін Ақжарқын кетті. Ал Джонмен бізге түнгі клубта істеп жүргенде таныстық.  Алена екеуі Қытайдан Малайзияға тауар жеткізіп берсеңдер деп үгіттеді. Ақысына 150 мың теңге ұсынды.  

Джон мен Алена Баянованы бізде іздеп көрдік. Телефондарын да көтермеді, жұмыс орындарында да жоқ. 


-Олар 2 ай болды жұмыс істемейді.  

Қазір осы іске еліміздің Сыртқы істер министрлігі де кірісіп отыр.

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

-Бұл іс 2 айға дейін қарастырылуы мүмкін. Басты мақсатымыз біздің азаматшамызға көмек беру үшін жақсы адвокат тауып беру болып табылады.   

Қытай заңына сәйкес, есірткімен ұсалған адам кемі 20 жылдан өмір бойына дейін жазаға кесілуі мүмкін. Десе де қызының адалдығына сенімді ата-ана барын салып, оны қорғап қалмақ ниетте. Тек оған қолдары қысқа.

Ерғали Үсеров, әкесі:

- Жәрдем болса, адвокат жалдағанға. Енді шамам келмей жатыр. Адвокаттың қызметі 8 мың доллардай, қосымша іс-сапар ақысы бар деді.

Бөтен елде еріксіз бөгелген отандасымыздың оралуына қол ұшын беруге ниеттілер болса, экранда көрсетілген нөмірге хабарласуына болады.

 

 +77024381671, +77014381672