Қытайда қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды


Синоптиктер сондай-ақ ақ жауын аптаның аяғында мемлекеттің солтүстік-шығыс аудандарының тұрғындарын да біраз әбігерге салуы ғажап емес деп топшылап отыр. Естеріңізде болса, Қытайда өткен айдан бері төпелеп жауған жаңбыр тоқтамай тұр. Оның соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласқан еді. Табиғи апат 230-дан астам адамның өмірін жалмады. Ізім-ғайым жоғалып кеткен 100-ге жуық тұрғын әлі табылған жоқ.