Қытайда құс тұмауының жаңа штаммы табылды - Роспотребнадзор


«Бүгін біз жаңа А құс тұмауының (H7N9) таралу қаупімен бетпе бет келіп отырмыз», - деп Роспотребнадзор басшысы, РФ бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Анна Попова бүгін Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымының санитарлық қызмет басшыларының кеңесінде мәлімдеді.
Оның айтуынша, ең алдымен жаңа тұмау штаммының проблемасы Қытайда орын алды, вирустың таралуына жол бермеу мүмкін болған. А.Попова  бүкіл кезең аралығында Қытайда А тұмауын жұқтырған 638 жағдай тіркелгенін мәлімдеді.
Адамдардан жоғары патогенді жаңа тұмау түрлерінің бөліну жағдайы жиілеген.
H5N1 тұмауы 11 елде анықталды.