Қытайда роботтар арасында футболдан әлем чемпионаты өтеді

Биыл RoboCup-қа әлемнің 46 елі мен өңірлерден 3200 адам қатысады, RoboCup аясында футболдан басқа да додалар ұйымдастырылады. Мысалы, тұрмыстық роботтар мен құтқарушы роботтар арасында жарыс өтеді.

Айта кетейік, RoboCup - жыл сайын роботтехникалардың қатысуымен өтіп тұратын мәдени шара. Ол алғаш рет 1997 жылы Жапонияда ұйымдастырылған.