Қытайда шахтада болған жарылыс салдарынан 13 кенші ажал құшты

Оқиға жексенбіден дүйсенбіге қараған түні «Хунтутянь» шахтасында орын алған. 56 адам жұмыс істеп жатқан жұмыс орнынан жарылыстан кейін 42 кенші жер бетіне шығып үлгерген, ал 14 адам жер астында қалып қойған.


Қазір оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс жасап жатыр, жоғалған шахтерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.