Қытайда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің антитеррорлық оқу-жаттығулары басталды

Тәжікстан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығуларға Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты елден 5 мыңнан астам әскери қатысады.

Сценарий бойынша оқу-жаттығулар екі кезеңге бөлінген. Бірінші дайындық кезеңі тамыздың 6 мен 11 аралығында Үрімжі қаласында өтеді. Антитеррорлық оқу-жаттығулардың сценарийіне сәйкес, "ірі лаңкестік топтың іс-әрекеттері туралы ақпаратты алған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылығы саяси консультациялар өткізу үшін Қытайда жиналады. Кездесу қорытындысы бойынша 11-тамызда жауға қарсы жауынгерлік шабуылға кірісуге шешім қабылданады",- деп хабарлайды Тәжікстан қорғаныс министрлігі.

РФ Челябинск облысының Шұбаркөл полигонында 11-17-тамызда өтетін екінші кезең барысында тікелей оқу-жаттығулар өткізіледі. Онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің әскери топтарының өкілдері лаңкестерді бейтараптандыру мен жою шараларының егжей-тегжейін пысықтайды.

Осы оқу-жаттығулардың барысында 40-тан астам түрлі дағдарысты ахуалдарға қарсы тұру бағытындағы дайындықты зерделеу жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті