Қытайда сібір жарасы дерті тіркелді

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Нинся автономиялық округіндегі жергілікті биліктің хабарлауынша, округтегі екі елді мекенде адамның сібір жарасы дертіне шалдығуы жағдайлары тіркелді. Үш адам ауруды сиыр мен қойдан жұқтырған», - делінген хабарламада.

Ауру жұқтырған үш адамның біреуі көз жұмса, екеуі ауруханада жатыр, одан бөлек 25 адамның дерт жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны анықталды.


«Екі елді мекенде карантин жарияланып, төрт түлік мал етін сататын базарлар жабылды», - дейді мамандар.