Стендтік және практикалық ату федерациясының бас хатшысы Анастасия Давыдованың айтуынша, бұл дүбірлі додада ел намысын ерлер арасында - 5, әйелдер арасында - 5 спортшы қорғайды. Олар - Владислав Мухамедиев, Виталий Куликов, Виктор Хасянов, Андрей Могилевский, Виктор Марченко және Жания Айдарханова, Анастасия Давыдова, Эльвира Акчурина, Мария Дмитриенко, Ангелина Мищюк.
Бұған дейін 23-31 наурыз күндері Австралияның Сидней қаласында өткен 2-лицензиялық әлем кубогы өткен еді. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының 10 жолдамасы сарапқа салынған бұл жарыста командалық есепте 3 алтын, 1 күміс медаль ұтып алған АҚШ құрамасы 1-орын алды. Ал 1 алтын, 1 күміс, 1 қоламен екініш орынды италияндықтар иеленді. 5 олимпиадалық спорт түрі бойынша өткен ерлер арасында траптан - Альберто Фернандес (Испания), дабл-траптан - Ричард Фаулдс (Ұлыбритания), скиттен - Джон Макграт (АҚШ) жеңімпаз атанды. Ал әйелдер арасында мұндай мәртебеге траптан - Алессандра Перилли (Сан-Марино), скиттен - Кимберли Роде (АҚШ) ие болды.