Қытайда су тасқынынан көз жұмғандар саны жүзден асып кетті

Қытайдың бірнеше провинциясында болған су тасқыны 105 адамның өмірін қиды.


           Қытай мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, тағы 115 адам із-түссіз жоғалғандар санатында.
           Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе елдің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясы қатты зардап шекті. Онда 54 адам көз жұмған.
           Апат салдарын жою үшін өңірге 2800 жауынгер жөнелтілді, деп хабарлайды телеарна.