Қытайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрылады


«Қытай сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік құрады. Ол тиімді ұйымдастырылып, осы құбылысқа қарсы күресуде Жоғарғы халық прокуратурасына айтарлықтай көмек көрсетеді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 1995 жылы ЖХП құрамында құрылған бюроның осы күні сыбайлас жемқорлық қылмысының өсіп бара жатқан фактілеріне тиімді әрекет ету қабілеті аз.

Еске сала кетейік, ҚКП ОК-нің 18-съезінен кейін 2012 жылдың қарашасында басталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кампанияның барысында провинция, министр және жоғары деңгейлі 50-ден астам жоғары шенді шенеунікке қатысты пара алу және басқа да партия тәртібін бұзуға қатысты тергеулер мен сот процестері жүргізілді.