Қытайда XVI Азиада ойындары алауының эстафетасы басталды

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао XVI Азиада ойындары алауының эстафетасын ресми бастап берді.

Бұған дейін хабарлағандай, эстафета Бейжің қаласының, Хэйлунцзян, Цзилинь және Шаньдун провинциясы қалаларының, сондай-ақ Гуандун провинциясының округтік деңгейдегі 20 қаласының аумақтары арқылы өтеді. Эстафетаға 6 мен 100 жастың аралығындағы 200 мыңнан астам алаугерлер қатысады.

Алау эстафетасы XVI Азия ойындары өткізілетін жерге қарашаның 12-сінде жеткізіледі. Ойындар үстіміздегі жылғы қарашаның 12-сі мен 27-сінде Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы - Гуанчжоу қаласында өтеді. Оған 45-тен астам Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстаннан да 12 000 спортшы қатысады деп күтілуде.