Қытайда зауыт өртеніп, 36 адам қаза тапты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, өрт Аньян қаласындағы зауытта болған. Қазір 36 адамның қаза тапқаны, екеуі жарақат алғаны және тағы екеуі із-түзсіз жоғалғаны белгілі.

Телеарна өрт сөндірілгенін, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.