Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандықтарға дипломаттар көмек берді

Отандастарымыздың емделуіне және оның жақындарының Қытайға барғандағы шығындарын жолаушылар тасымалдайтын «Синзэ» компаниясы мойынына алыпты. Істі Қытайдағы Қазақстан елшілігі қатаң бақылауында ұстап отыр. Айта кетсек, Семейден-Үрімшіге бағыт алған автобустың апатқа ұшырағанын кеше хабарлағанбыз. Жолаушыға лық толы қоғамдық көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жеңіл машинамен соғылған. 2 адам мерт болып, 19-ы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

- Министрлік жапа шеккен азаматтардың туыстарына жедел виза әзірлеуде қолғабыс көрсетуде. Олар сол Зимунай ауылына барып зиярат етуде. Жол көлік оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Loading...