Қытайда жол апатына ұшыраған жерлестеріміз жақын арада елге жеткізіледі

"Біз азаматтарымызға қатысты ахуалды мұқият бақылап отырмыз. Жерлестерімізбен де, Зимунай қаласының əкімшілігімен де, көлік компаниясымен де байланыс орнаттық. Зардап шеккендердің туыстарына виза рəсімдеуге көмектесіп жатырмыз", - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.


Қазір Зимунай қаласының ауруханасында 8 адам, Үрімшіде екі адам жатыр. Апаттан зардап шеккен үш адам елге оралды. Қазақстан азаматтары мінген автобус Үрімшіде апатқа ұшырап екі адам мерт болды. Тағы 19 отандасымыз жарақат алды.