Соңғы ақпаратқа сәйкес, құрылысы бітпеген салқындату мұнарасының құлауынан 2 адам жараланған және тағы 1 адам қирандылардың астында қалып қойған. Оның тағдыры осы кезге дейін белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Цзянси провинциясындағы электр станциясында болған апаттан бастапқыда 22 адамның қаза тапқанын, артынша мерт болғандар саны 40 адамға дейін артқанын хабарлаған едік.