Қытайдағы нөсер қазынаға 77 миллион доллар шығын келтірді

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында бірнеше күн толассыз жауған жаңбырдан 10 қала мен 108 елді мекен зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 4 адам қаза тапқан. Оған қоса 1800 нысан бүлініп, ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай зардап шеккен. Бұған дейін елдің оңтүстік-шығысындағы Хунань провинциясында нөсерден 6 адам қаза тауып, 734 мың жанның зардап шеккені туралы ақпарат тараған. Алдын ала болжам бойынша табиғи апат ел қазынасына 77 миллион доллар көлемінде шығын әкелген.