Қытайдағы Параолимпиадалық ойындарға Қызылорда облысынан 2 спортшы аттанды

Олардың екеуі де пауэрлифтинг бойынша өтетін сынға қатысады. Осы спортпен айналысқанына біраз болған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кәбира Асқаровадан жерлестері көп үміт күтеді. Ал жасы 18-ге енді келген Айбек Әбжан да өзінің құрама командаға бекер алынбағанын дәлелдеуге ұмтылады. Сыр бойылық спортшыларды жарысқа олардың бапкері Юрий Мощеев бастап алып кетті