«Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарында құрбан болғандарды еске алу үшін өз еркімізбен ораза ұстап отырмыз. Бұл - біздің қазақстандағы отандастарымызды қолдау және Қазақстан тарихына құрмет көрсету. Себебі, өткенімізді білмей, алға жылжи алмаймыз», - деді «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында Қытайдағы қазақ студенттері бірлестігінің басшысы Жігер Қабинұлы.
Оның айтуынша, қазіргі кезде шараға 2 мыңнан астам адам қатысқан.
Еске сала кетейік, Қытайдағы қазақ студенттерінің бірлестігіне ҚХР-дағы қазақ диаспорасының 15 мыңнан астам азаматы кіріп отыр.