Қытайдағы шахтада болған апат 22 адамның өмірін қиып кетті

Елдің оңтүстік батысындағы қайғылы оқиғаның жай-жапсары туралы толықтай ақпарат жоқ. Тек жергілікті БАҚ-тарда апат газдың сыртқа жайылуынан орын алды деген болжамдар айтылуда.

Өткен жылы Қытайдағы шахталарда болған келеңсіз жағдайлардың салдарынан мыңнан астам кенші ажал құшты.