Қытайдағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті


Кеше түс ауа Цзянсу өлкесінде табиғат тосын мінез көрсетіп, бұршақ жауды. Оның арты сұрапыл құйынға ұласып, жолындағы елді мекеннің бәрін жайпап кеткен. Табиғи апаттан көптеген тұрғын үй жермен-жексен болды. Апат аймағына жедел жеткен құтқару қызметі үйінді басып қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Өңірде электр қуаты мен байланыс жүйесі үзіліп, құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіруде. Апат орнына 1000 шатыр мен 2000-нан астам төсек-орын жеткізіліп, жарық берілді.