Қытайдағы тайфун мен селден 22 млн адам зардап шекті


Нөсерлі жауын селдің тууына әкеліп соқты: су үйлерді бұзып, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді су астында қалдырды. 

Қытайлық билік қазір табиғи апаттан келтірілген залалды есептеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 22 миллион  адам зардап шеккен. 80-ге жуық адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалған, деп жазды tvzvezda.ru.