Қытайдағы теплоход апаты құрбандарының саны 431-ге жетті

 Он бір адам хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Тірі қалғандар саны - 14.

Бүгін таңертең су бетіне шығарылған теплоходта қаза тапқандардың туысқандары мен құтқарушылар қатысқан еске алу рәсімі өтті. Құрбандардың ішінде үш жасар қыз бар, - делінген қытайлық БАҚ хабарламасында. Негізінен қаза болғандар қытайдың ірі өзенінің сұлулығын тамашалуға келген  - 50-80 жастағы егде адамдар.  Олардың барлығы - ҚХР азаматтары.

Кемені жұма күні кешке жүзетін кран көмегімен жоғары көтерген болатын.