Қытайдағы үздік қазақстандық студенттердің есімдері аталды

«Елшілік біздің студенттердің оқу деңгейін үнемі назарда ұстайды. Қытайлық оқытушылардың мінездемелеріне орай оқуда үздік атанғандарды атап өтуге болады. Олар: Қытай Ғылым академиясының Инновациялық технология институтының магистранты  Нұрсұлтан Қалықұлов, Бейжің дәстүрлі медицина институтының  5-інші курс студенті Айгүл Сұлтанбек, Бейжің политехникалық институтының ақпараттық технология факультетінің 4-інші курс студенті  Арман Сыдықов, Медицина университетінің 5-інші курс студенті Ғалымжан Исабеков, «Цинхуа» университетінің қытай тілі факультетінің 3-інші курс студенті Яна Ким. Бұдан басқа да оқуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендер аз емес»,-деді Нұрлан Ермекбаев.

Елші сонымен қатар Бейжіңдегі (Ален Нұрбаев), Шанхайдағы (Тілектес Адамбеков) және Ухандағы (Жандос Жағыпаров) қазақстандық студенттер қауымдастығының жұмысын атап өтті.