Қытайдағы жер сілкінісінен 400 адам көз жұмды


Жер сілкінісі елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында болған. Алғашында болар-болмас дүмпу сезіліп, кейін соңы алапат зілзалаға ұласыпты. Қаланың сау тамтығы қалмаған. Он мыңдаған тұрғын үй жермен-жексен болып, мектеп, балабақша атаулы түгел қирап қалды. Көлік қозғалысы мүлдем тоқтаған. Құтқарушылар тек тікұшақпен ғана түсіп, адамдарды қирандылардың арасынан аршып алып жатыр. Қаза болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Қазір мұнда не телефон, не ғаламтор байланысы жоқ. Жарық желілері де түгі қалмай жұлыныпты. Күші 6 балдан асатын мұндай жер сілкінісі Қытайда соңғы рет 18 жыл бұрын болған екен. Ол кезде де мыңдаған адам қырылып, табиғат апаты бүтін бір қаланы жермен-жексен еткен.