Қазақстандық шекарашылар Қытайдан бір топ құстар мен аквариум өсімдіктерін заңсыз алып өтпек болған азаматты құрықтады.
ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, «Қорғас» бақылау бекетінде 36 жастағы Қазақстан азаматы қолға түсті. Ол «Қытайдан 55 дана ементұмсық пен аквариумда өсетін 200-ге жуық өсімдікті» Қазақстанға алып өтпек болыпты.
«Тауар тәркіленіп, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.