Қытайдан келетін туристер саны 8,5 есеге артқан

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жыл басында еліміздегі қонақ үйлер саны 4 мыңға жеткен болатын. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мың орын.  Ал, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында елдегі қонақ үйлерге 228 мың шетелдік қонақ тоқтаған. 

«Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақ үй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан - 8,5 есе, Үндістаннан - 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан - 3,8 есе, Ираннан - 3,8 есе, Германиядан - 3 есе, АҚШ-тан - 2,2 есе артып отыр»,- дейді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.