Қытайдан келген тағы 20-дан астам азамат ауруханаға жатқызылды

"Олар дереу түрде басқаларынан алшақтатылып, Панфилов ауданы ауруханасының инфекциялық бөлімінің арнайы боксына орналастырылды. Дәрігерлер сараптамалық жұмыстар жүргізуде. Бұған қоса автобуста болған тағы 19 адам бақылауға алынып, госпитальға жатқызылды", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Қытаймен шекараны жаба алмайтындығы туралы мәлімдеген еді. Сөзінше, Қытайда 1300 қазақстандық азамат жүр екен.