Қытайдан қашқан ғалым COVID-19 туралы "шындығым бар" дейді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Менің АҚШ-қа келуімнің басты себебі - COVID туралы шындықты айту", - дейді ол.

Ғалым бұл оқиғаны Қытайда айтатын болса, "жоғалып кететінін немесе өлтірілетінін" атап өтті.

Янь әлемде COVID-19-ды зерттеген алғашқы маманның бірі екенін жеткізді. Ол 2019 жылы ДДҰ референтті зертханасындағы жетекшісі доктор Лео Пуннан материктік Қытайда тіркелген SARS ауруынан ұқсас (атипиялық пневмония - автор) дерттің үлгісін талдауға тапсырма алыпты.

31 желтоқсанда Янның досы, ауруды бақылау және алдын-алу орталығының ғалымы оған вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтқан. Бұл Бейжің мен ДДҰ COVID-19 вирусын ресми түрде мойындағаннан әлдеқайда ертерек болған.

Вирусологтың айтуынша, оның басшылары көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін зерттеулерді елемеген. Сондай-ақ, оған "қызыл сызықтан өтпеуге кеңес беріпті".

Сонымен қатар, Янь ДДҰ референт зертханасының тең құқылы директоры, профессор Малик Пейрис бұл оқиға туралы білгенін, бірақ ештеңе істемегенін атап өтті.

Ғалым өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізді. Оның пікірінше, ол ешқашан Отанына қайта алмайды және отбасымен және достарымен көрісу мүмкіндігінен айырылған. Алайда вирусолог бұл оқиға туралы айтқанына еш өкінбейді.

ДДҰ мен Қытай билігі Ли Мэн Янның сұхбатына түсініктеме бере отырып, коронавирустың таралуы туралы ақпаратты жасырды деген айыптауларды жоққа шығарды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Fox News телеарнасына Янь, Пун және Пейрис есімді мамандардың ДДҰ зертханасында жұмыс істемегенін мәлімдеді.

Вашингтонның Қытайдағы елшілігі телеарнаға Ли Мэн Янь туралы ештеңе білмейтінін айтты. Қытайлық дипломаттар коронавирустың өршуіне Қытай үкіметі тез әрі тиімді әрекет еткенін атап өтті.
 
Айта кетейік, Fox News телеарнасы АҚШ-тың Республика партиясына жақын. Сондай-ақ, телеарна Қытай мен ДДҰ-ны талай сынға алған Дональд Трампты бірнеше рет қолдаған болатын.