Қытайдан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болған әйел қолға түсті

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы ұялы телефондардың ірі партиясын заңсыз өткізбек болған 44 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады.

Ол Халықаралық шекаралық орталықтан Қазақстанға жаяу өтпек болған. Тексеру барысында одан 40 дана «Самсунг» маркалы ұялы телефон табылды.

Осы факті бойынша тиісті органдарға хабар берілді.