қатысуға аттанып кетті. Бұл туралы «Намыс» сайты Қытайдың ресми ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында қытайдағы қандастарымыздың абыройын асқақтатқан ерекше оқиға болды. Жоғарыда аталған Гетеборг кубогы үшін сайысқа қатысатын команданы іріктеу мақсатында, күллі Қытай елі іріктеу жарысын өткізген болатын. Осы іріктеу кезінде аудан, аймақ, облыстар арасынан үздік шыққан қазақ қыздары Шыңжаң өлкесі атынан Бейжіңдегі жарысқа жолдама алды. Ақтық іріктеуде өлкелер мен қалалардан келген 20 команда өзара сайысқа түсті. Абырой болғанда барлық кезеңдерінде өз қақпаларына гол жібермеген қазақ қыздар командасы ақтық сында бүкіл Қытай бойынша Бас жүлдені жеңіп алды.
«Мұны миллиардтың толқынына көміліп бара жатқан аз қазақтың қайта серпілген, сілке бас көтерген қайсар рухы дерсің! Тіпті олар қарсыластарын тең немесе аздаған басымдылықпен емес, ойсырата жеңді. Бет қаратпады. Екінші айналымда Хунан өлкесінен келген «Хунан» командасын 10:0 есебімен ұтса, соңғы шешуші кездесуде «Уинан» өлкесі командасының қақпасына қатарынан 18 гол соқты», - деп жазады сайт.
Шыңжаңдағы бүкіл қазақтың беделін өсіріп, бөркін аспанға аттырған бұл команда жаттықтырушылары да қазақтың жігіттері екен. Команда 2008 жылы құрылған. Командалары Швецияда болатын үлкен бәсекеде бүкіл Қытай елінің атынан шығып, аспан асты елінің намысын қорғайтын болған соң, мемлекет бұл жаттықтырушыларға да көңіл бөліп, команданың жаттығуын партия басшылығы өз қарауына алыпты. Жағдайын жасапты. 12 шілде күні команданы аттандыру рәсімінде жергілікті орынның партия жауаптысы Уаң Ли: «Барлық дайындық істеліп болды, жаттықтырудың бүкіл шарасын жасадық, команда қазір сақадай сай, бұлар халықтың үмітін ақтайды деп сенемін» -деп ағынан жарылған.