Қытайдың 13 млн тұрғынына су жетпей отыр

Құрғақшылық салдарынан ҚХР-да 13 млн тұрғынға су уақытылы берілмей отыр, деп хабарлады ресми "Жэньминь жибао" газеті.


           Әсіресе елдің оңтүстігіндегі Хунань және Гуйчжоу провинцияларының тұрғындары қиналуда.
           Судың аздығы Аньхой, Хунань, Гуйчжоу, Цзянси, Хубэй және Чжэцзян провинцияларының шаруашылықтарына елеулі залал келтірген.
           900 мың гектардағы егіс құрап қалған. Келтірілген экономикалық залал 6,5 млрд доллар шамасында деп бағаланып отыр.