Бас консулдың айтуынша, қазір елшілікте құжат қабылдайтын 4 терезенің жұмыс жасайды екен. Алайда қақпа алдындағы кезек одан азайып жатқаны жоқ. Ал уақытында куәліктеріне мөр бастыра алмаған қандастар бүгін де топырлап жүр. Тамыздың соңында Қазақ-Қытай консулдары жұртты апталап кезекке күттірмейтін жолдарды табуға уағдаласқан. Алайда Қытай елшілігі аптасына үш күн үш сағат қана ғана құжат қабылдай беретін болыпты. Бәрі бұрынғыдай, тек виза соғылған куәліктер түскі 12-де емес түстен кейін сағат 16-00-ден бастап үлестірілмек. Және әр азаматтың өз төлқұжатымен кіргені абзал екенін ескертті бас консул. Айта кетейік, жылына Қытайға 100 мыңға жуық қандасымыз барады екен.
Ду Дэвэнь, ҚХР Алматыдағы бас консулы:
- Біріншіден отандастарыңыз тәртіпті сақтап шуламай өздерін мәдениетті адамдардай ұстауы қажет. Өздері кезекті тудырып кейін бәрін консулдыққа артады. Екіншіден, Қазақстанның күш құрылымдары бізге көмектесуі керек, бас консулдық алдындағы тәртіп солардың міндеті.