Бұл туралы "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлады.
«China Eastern Airlines пен Hainan Airlines-тан кейін China Southern Airlines әуе компаниясы да ұшу кезінде жолаушылардың ұялы телефондар мен басқа да гаджеттерді қолдануына салынған тыйымды алып тастады», - делінген хабарламада.
Қытайдың жеке ішкі және халықаралық маршруттары бойынша ұшатын Airbus A330-300-тің он бес ұшағының бортында интернетке қосылуға болады.