Caravan Logo

Қытайдың батысында магнитудасы 6,8 балл жер сілкінісі болды

Қытайдың батысында магнитудасы 6,8 балл жер сілкінісі болды

Қытай сейсмологиялық қызметтерінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қашғар қаласынан 180 шақырым жерде, Уця уезінде, Қырғызстан және Тәжікстанмен шекара сызығында болған.

Зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы мәліметтер түспеген.

Басты жер сілкінісінен кейін сейсмологтар магнитудасы 5,7 болатын тағы бір жер асты дүмпуін тіркеді. Дүмпу зардаптары туралы ақпарат нақтылану үстінде.