Қытайдың екі азаматы контрабандамен ұсталды

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жексенбі күні «Майқапшағай» бақылау-өткізу бекетінің жасағы 17 бөкен мүйізі мен қасқыр терісін алып өтпек болған екі қытай азаматын ұстаған.

Олар контрабандалық жүкті "Семей – Үрімжі" автобусымен алып өтпек болған.