Қытайдың он бес азаматы Алматы облысында құлдықтан босатылды

      Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таяуда полицияға Қытай азаматы жүгініп, ол өзінің он төрт жерлесімен бірге кірпіш зауытына күштеп жұмысқа жегілгенін мәлімдеген.

Оқиға орнына келген полицейлер кірпіш шығаратын зауыттан қалған жұмысшыларды алып шықты.

Жұмысшылардың бірінен полиция дене жарақатын анықтаған.


Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кірпіш зауытының директоры мен үш көмекшісінен жауап алынуда.