Қытайдың оңтүстігінде жер сілкінісі салдарынан 200 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Сонымен қатар, 800-ге жуық адам көшкін салдарынан пайда болған өзен салдарынан сыртқы әлеммен байланысты үзген.

Құтқарушылар өзен суы таяуда арнасынан асып шығуы мүмкін деген қауіп айтуда.

Апат ауданында жиырма мыңнан астам әскери қызметші, полиция қызметкерлері мен құтқурашылар жұмыс істеуде.

Жексенбі күні Қытайдың Юньнань провинциясында магнитудасы 6,5 құрайтын жер сілкінісі болды. Оның ошағы 12 км тереңдікте орналасқан.


Жер сілкінісі салдарынан 398 адам қайтыс болды. 1,8 мыңнан астам адам жарақат алды.