Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен төрт адам қаза тапты

 Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жер асты дүмпуі сенбі күні Тибет автономды өлкесінің Кандин Гардзе уезінде жергілікті уақытпен сағат 16:55-те тіркелген.  Қытайлық сейсмологтардың деректерінше, жер сілкінісінің ошағы 18 км тереңдікте болған.

25 мың үй зардап шекті, 6 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аудандарға көшірілді.


ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен ҚХР Мемкеңестің премьері апаттың салдарын тез арада жою, зардап шеккендерге көмек көрсету, шығын көлемін азайту туралы өкім берді.