Қытайдың Шыңжан -ұйғыр автономиялық аймағында бір топ содыр шекара заставасына шабуыл жасады

Associated Press ақпаратына сәйкес, оқиға Қырғызстанмен шекарадағы Каши ауданында болған. Жүк көлігіне мінген содырлар шекаралық застава ғимаратына басып кіріп, ол жерге гранаталар лақтырған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, 16 полиция офицері қаза тауып, тағы 16 адам жараланған. Шабуылшылар арасындағы шығын жайлы ақпарат жоқ.