7 қылмыстық іс материалдары бойынша айыпталған он үш адам лаңкестік топтарды ұйымдпастырғаны және оған басшылық еткені, қатысқаны, сондай-ақ қасақана адам өлтіру, өрт қою, жарылғыш заттарды дайындау, сақтау және тасымалдау қылмыстары үшін өлім жазасына кесілді.
Олардың ішінде үш адам 2013 жылы маусымда ШҰАӨ әкімшілік орталығы - Үрімжі маңында орналасқан Тұрфан округінде лаңкестік әрекет ұйымдастырғаны үшін ең жоғары жазаға тартылды. Осы шабуыл кезінде 24 адам қазаға ұшырап, 23-і жараланған болатын.
Еске сала кетейік, сол кезде адамдардың белгісіз тобы полицей учаскесіне, қарулы полиция арнайы бөлімшесіне, жергілікті әкімшылық ғимаратына және мигрант жұмысшалрдың құрылыс алаңына шабуыл жасаған болатын. Шабуыл барысында полицейлер машинасы өртелді. Полиция қызметкерлерінің қару қолдануы нәтижесінде он бір шапқыншы өлтірілді, төртеуі қолға түсті.
Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік актісін жасағандарға өлім жазасы үкімі шығарылды
Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік актісін жасаған үш лаңкеске өлім жазасы үкімі шығарылды. Бүгін ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында халық соты осындай үкімді жария етті.
Сот «қоғамдық тәртіпке қарсы қылмысты ұйымдастырғаны және лаңкестік топ құрғаны үшін» деген айыппен үш адамға ату жазасын берді, бесеуі неөмір бойы түрмеге отыру жазасы тағайындалды және 5 жылдан 20 жылға дейін мерзімге тиісінше бас бостандығынан айыруға сотталды.
Еске сала кетейік, 2013 жылғы 28 қазанда Тяньаньмэнь алаңында лаңкестік акт жасалды. Лаңкес басқарған жол талғамайтын машина адамдар тобына қарай бағытталып, соңынан жарылды. Оның салдарынан алты адам қазаға ұшырады, тағы 39-ы жараланды.
Қытай билігі 22 мамырдағы Үрімжі базарларының бірінде болған лаңкестік актісінен кейін бір жыл бойы лаңкестікке қарсы науқан жүргізді. Сонда бірнеше жарылыстардан 39 адам мерт болып, 94-і жараланған еді.
Шыңжаңның жергілікті соттары 5 шілдеде 12 адамға өлім жазасын кеті, тағы 69 адам өмір бойы түрмеге қамалды және лаңкестік ұйым қызметіне қатысқаны немесе басшылық еткені, сондай-ақ қасақана адам өлтіру мен өрт салу қылмыстарын жасағаны үшін әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.